Ошақтас ескеркіші Қалқан тауының жазығында орналасқан. Ошақтас шамамен бірнеше, биіктігі 2 м болатын тастардан тұрғызылған. Қазіргі таңда біраз тастары мүжіліп, құлап, тек үшеуі ғана қалған. Аңызға сенер болсақ, 1219 жылы Шыңғыс хан өзінің орта Азияны жаулап алу жорығында осында болған деседі. Сол кезде ол өзінің қалың қолын тамақтандыру үшін үлкен тастарды қойып, үстіне қазан орнатқан. Екінші болжам-ертедегі адамдар соғыс кезінде Ошақтастың ішіне от жағып, белгі беру мақсатында орнатқан деген болжам бар.