«Таңбалытас» петроглифтері МҰТП-тің батыс бөлігіндегі Теректі шатқалының сағасында орналасқан. Бірнеше жүздеген петроглифтер көшпелілердің әртүрлі кезеңдердегі суреттерінен тұрады және біздің дәуірімізге дейінгі  2 мың жылдыққа (Қоладәуірі)  жататын одан да көнебейнелер табылған. Оның дәлелі ретінде арбаның дөңгелегіне және жануарлардың суреттерін ұқсайды деп айтуға болады. Қола дәуіріне жатқызуға болатын петроглифтердің бірі жылқының фигурасы,  кейінгі кезеңдерде жаңартылғандығы байқалады. Теректі сайының жартастарында кездесетін бұғы, арқар және ешкі бейнелерін ежелгі палеолит кезеңіндегі «аңшылық стиліндегі» петроглифтерге жатқызуға болады. Себебі бұғының суретін қарастыратын болсақ, оның мүйізі, аузы ашылып тұрғанына  дейін анық салынған. Бұғының артқы екі аяғында, тұғының ұшымен тұрған бейнесі көшпенділер өнерінің ерекшелігі болып табылады. Көшпелілер дәуірінде жануарлардың фигураларында төрт аяқтың барлығы көрсетілген көне және кейінгі ортағасырлық сызбалардан айырмашылығы, жануарлардың тек екі аяғын бейнелеуінде.

Теректі шатқалының ортағасырлық бейнелері салтатты, бірнеше жаяу жүргіншілер мен тау ешкі бейнеленген. Жекеленген блоктарда жаңа этнографиялық кезеңнің сызбалары бейнеленген. Аңшылық өнерінің кейбір бейнелері және кейбір жануарлардың жекеленген суреттері кездеседі. Аң аулау өнері бейнеленген петроглифтердің бірінде аңшының қосаяқты мылтықпен тау ешкіні атқанын көруге болады, мұндай қару Қазақстанда 17 ғасырдың ортасынан бастап пайда болды. Шатқалдың екі шақырым жоғары жағында бұғы және қабан секілді жануарлардың ерте темір дәуірінде қашалған петроглифтердің бір тобы кездеседі. Петроглифтердің шатқалдың сағасында орналасуы кездейсоқ емес, шатқалдың төменгі тұсында және құрғақ өзен жағасында ерте темір дәуірінен үйсін дәуіріне дейінгі қорымдар бар. Б.з.д. 1 мыңжылдықта бұл аумақта көшпелілер тығыз қоныстанған. Қазба жұмыстарының материалдары бойынша бұл қорымдар біздің дәуірімізге дейінгі 1 мыңжылдықтан  - біздің дәуіріміздің басы және біздің дәуірімізге дейінгі 4 ғасырға жатады.