Шолақ тауы-«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи парк түгелімен кіретін Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің бірі. Құрғақ, көне, үлкен жартастардан тұрады. Қызылауыз шатқалы ұзын емес. Кірер  аузындағы  жартаулар күлгін түске боялған, оның атауының шығуы да осы қызғылт түске боялған жартауға байланысты («қызыл ауыз» деп аталған). Үлкен шатқалдар кеңейіп, қалың өскен бұталарға (спирея, итмұрын, кәдімді қылша және т.б.) ұласады. Қалың өскен тоғай арасынан таза бұлақ ағады. Онда әдемі көбелектер ұшып-қонып, шегірткелер секіреді, құстар әнге салады...Жартастармен жалаңаш жарқабақтар арасындағы нағыз шағын оазис.
1Көрікті көктем гүлінің бірі-Павел көкнәрі (Papaver pavoninum).
2Басты қойжелек (Tragopogon ruber). Гүлдеген кезде диаметрі 10 см болатын үлкен бақбақ үлпілдегіне ұқсайды.
3 Қызылауыз шатқалының тасты беткейлерін тікенекті бозтікеннің салтанатты бұталары ажарландыра түседі.