4 қыркүйек күні сағат 10.00-де ашық zoom-конференциясы форматында көпшілік назарына "Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркін дамыту тұжырымдамасы ұсынылады. Іс-шараға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев, сала сарапшылары, ғалымдар мен қоғам белсенділері қатысады. Сондай-ақ, ниет білдірушілердің барлығын, оның ішінде ұлттық парктегі экотуризмді дамыту жобасына қызығушылық танытатын бизнес өкілдерін шақырамыз. Конкурс ашық түрде өткізілетінін атап өткіміз келеді. 


Zoom-конференцияға қатысу үшін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасы арқылы тіркелу қажет.