"Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет фото тұзаққа қар барысы түсті. Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша ілбістің жойылып бара жатқанын ескерсек, "Алтын Емел" ұлттық паркінің аумағынан табылуы үлкен жаңалық. Бүгінде елімізде 120-130 шамасында ілбіс бар. Оларды қорғап, популяциясын зерттеу үшін еліміздегі ерекше қорғалатын 13 табиғи аймақта 294 фото тұзақ орнатылды. Алдағы уақытта Экология министрлігі қар барысын қорғау үшін нақты шараларды қабылдауды жоспарлап отыр.