Қыстан аман шыққан торайлар «Алтын-емел» ұлттық паркінде серуенге шыққан.
Видеодан байқағандарыңыздай, бұлаққа су ішу үшін емес, батпаққа аунау үшін келген.
Осылайша аңдар кенелерден қорғанады.
Ұлттық саябақта 100-ден астам жабайы қабан мекендейді.
Бұл жануарлар күніне орта есеппен 4-5 мың калория азық жейді, тамақтың иісін бес шақырымнан астам қашықтықтан сезеді.